Колумбияда аспалы көпір опырыла құлап, бес адам қаза тапты

None
None
БОГОТА. ҚазАқпарат – Колумбияның солтүстік-батысында орналасқан аспалы көпірдің опырыла құлауы салдарынан кем дегенде бес адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат La FM радиостансасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға бейсенбі күні күндіз Некокли муниципалитетінде (солтүстік-батыстағы Антьокия департаменті) орын алған. Фургон өзеннен аспалы көпір арқылы өтпекке әрекеттенген. Алайда көпір көліктің салмағына төзе алмай, опырылып түскен. Оқыс оқиға салдарынан бес адам мерт болды.

Билік келеңсіз жағдайды тергеу амалдарына кірісті.


Соңғы жаңалықтар