Көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу үшін 650 млрд доллар инвестиция қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу үшін 650 млрд доллар инвестиция қажет. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

«Көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу үшін есептеулер 40 жылдың ішінде төмен көміртекті технологияларға шамамен 650 млрд доллардың қажет екендігін көрсетті. Бұл ретте инвестицияның 80 пайыздан астамы 2040 жылдан кейін қажет болады», деді ол «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясы барысында.

Оның атап өтуінше, 40 жылдың ішінде электр және жылу энергиясын өндіру секторына 305 млрд доллар, көлік саласына 167 млрд доллар, тау-кен өндіру өндіру және өңдеу өнеркәсібі саласына 65 млрд доллар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, ауыл шаруашылығына 49 млрд доллар, сонымен қатар көміртектерді тұту және сақтау технологияларына 10 млрд доллар қажет.

«Бұған қоса, модельдеу бағалауына сәйкес көмір мұнай мен газ өндіру секторларына инвестиция қысқарады. Өйткені, ұзақмерзімді келешекте бұл ресурстарға сұраныс төмендейді», -деді Серікқали Брекешев.


Соңғы жаңалықтар