+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Коммуналдық тарифтер биыл қалай өзгерді

2020 жылғы 25 қараша 14:00
Бөлісіңіз:
Коммуналдық тарифтер биыл қалай өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Қазақстанда биыл коммуналдық қызметтердің тарифі 2019 жылға қарағанда қаншалықты өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында жылу бағасы арзандайды

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтарында тарифтер өсіп кетпес үшін 2019 жылы тыңғылықты жұмыс жүргізілді. Коммуналдық қызметтердің орташа жоспарлы өсімі 15 пайыз деп болжанған еді», - деді Асан Дарбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, Президент тапсырмасын орындау үшін 400-ге тарта кәсіпорынның жұмысы талданған.

«Бұл ретте өндірістік функцияларға қатысы жоқ және басым емес шаралар айқындалды. Осы шараларды іске асыра отырып, табиғи монополия субъектілерінің шығын бөлігі 16,4 млрд теңгеге дейін азайтылды. Одан бөлек, табиғи монополия субъектілерінің басым емес бағыттары бойынша тағы 10,4 млрд теңге оңтайландырылды. Осы шаралардың арқасында тарифтердің жоспарлы өзгерісі 0,5 пайызға ғана өзгерді (2020 жылдың 1 қаңтары мен 2019 жылдың 1 қаңтарын салыстырғанда). Жылумен, сумен қамту және су тарту бойынша тарифтер төмендеді», - дейді Асан Дарбаев.

Спикер электрмен қамту тарифінің өсуін стансаларда шекті тарифтердің 15 пайызға қымбаттауымен байланыстырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT