Коммунистер баланы мектепке дайындау стандартын әзірлеуді ұсынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан коммунистік халық партиясы Ақмола облыстық комитеті «Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн шараға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, аудандық және қалалық білім бөлімінің өкілдері қатысып, балаларды мектепке дайындау стандартын біріздендіру қажет деген ортақ тұжырымға келді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында мектепке дейінгі баланың жан-жақты даму мәселесін шешу қажеттігін атап өтті.

«Тек мемлекеттік балабақшалардың құрылысымен бұл мәселе шешілмейді. Жеке бизнесті тарту керек. Қаржыландырудың ваучерлік тетігінен бөлек, қолдаудың жаңа нысандарын табу қажет. Ата-аналар кез келген балабақшаны немесе мектепті таңдап, сол жерде ваучер арқылы төлем жасай алады», – деген болатын Мемлекет басшысы.

Жиын барысында коммунистер, ең алдымен, жүйені тұтастай тәртіпке келтіру керектігін айтты.

«Қазақстанда мектепке дейінгі білім беруді дамыту бойынша бірқатар заңдар қабылданды. Алайда, жүйедегі шатқаяқтау процесс салдарынан мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелердің алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізілген жоқ», – деді өз сөзінде Ақмола облыстық комитетінің екінші хатшысы Раиса Балахонцева.

Сонымен бірге, ол мектепке дейінгі білім жалпы білім беру жүйесінің негізі екенін еске салды. Өйткені, ол баланың болашақ дамуын айқындайды, жеке тұлғаның негізін қалайды.

«Іс жүзінде қазіргі мекемелер ата-аналардың есебінен қамтылып тұр және бюджет пен демеушілердің қолдауын ішінара пайдаланады. Осыдан-ақ балаларды мектепке дайындау бойынша көрсетілетін білім беру қызметтерінің айырмашылығын байқауға болады. Демек, үздіксіз білім беру жүйесі ең бастапқы, шешуші буынға түседі», – деп толықтырды Раиса Балахонцева.

Пікірталас қатысушылары атап өткендей, мұндай тәсіл кезінде әлеуметтік теңсіздік ең бастапқы деңгейде қаланады. Мектепке тәжірибелі мұғалімдер дайындаған балалар құрдастарына қарағанда анағұрлым алда болады. Алайда, елімізде нақты бірыңғай білім беру стандарты жоқ. Республикада бірнеше жыл бұрын енгізілген қаржыландыру әдістемесі де ақсап тұр.


Соңғы жаңалықтар