Коммунистер Талдықорғанда көпбалалы аналармен кездесті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Қазақстан коммунистері халықтық партиясының өкілдері Талдықорғанда көпбалалы аналармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалғызбасты аналар партия мүшелеріне алимент өндірудегі қиындықтарын тізіп берді. Көкек әкелер балалар алындындағы заңды борышын өтеуге асықпайды. Сот орындаушылардың өңірлік палатасының мәліметінше облыста өндірісте 21 мыңнан аса іс бар. Азаматтар табысын жасырып, қарызын мүлдем төлемей, заңды айналып өтуге тырысады. Бұл орайда коммунистік партия Қазақстан заңнамаларына өзгерістер енгізуді ұсынып, талаптарды күшейтуді ұсынып отыр. Жыл басынан бері Алматы облысында алимент төлемеген 170-ке жуық азамат әкімшілік жазаға тартылып, қамауға алынды. 68 тұлғаға қылмыстық іс қозғалған.

«Заңгерлер айтып жатыр, заңнамаға бір өзгертулер кіру керек. Яғни ол заңнамалар алимент жөніндегі заңнамалар толықтырылуы керек. Анық емес. әлі де талай шаруалар өту керек», - деді Қазақстан коммунистері халықтық партиясы Алматы облыстық филиалының бірінші хатшысы Сәуле Биғарова.


Соңғы жаңалықтар