+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Конькимен жүгіруден әлем кубогында Қазақстан командасы үздік үштікке енді

2019 жылғы 13 желтоқсан 17:56
Бөлісіңіз:
Конькимен жүгіруден әлем кубогында Қазақстан командасы үздік үштікке енді

НАГАНО. ҚазАқпарат - Жапонияның Нагано қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің төртінші кезеңі өтіп жатыр. Командалық спринтте қазақстандықтар 9-шы орын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жан Кособуцкий соңғы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте айтарлықтай жоғарылады Astana Pro Team велошабандозы «Тур Окситании» көпкүндігінде үшінші орын иеленді Шымкентте Азиядағы ең ірі ату спорт кешені салынып жатыр

Роман Креч, Станислав Палкин, Артур Галиев және Артем Крикунов төрттігі 14 команда арасынан 9-шы сатыға тұрақтады. Төртінші кезеңде Ресей құрамасы топ жарса, Жапония мен Канада күміс пен қоланы еншіледі. Ал әлем кубогы төрт кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы үшінші орын иеленді. Біздің құрама еншісінде 290 ұпай бар. Осылайша, Дмитрий Бабенко баптайтын Қазақстан құрамасы жекелеген қашықтықтар бойынша әлем чемпионатына жолдама алды. Жалпы командалық есепте Нидерланды құрамасы 440 ұпаймен көш бастады. Екінші орында 316 ұпай иеленген Швейцария құрамасы.

Айта кетелік, бүгін А тобында сынға түскен Роман Креч 500 метрге жүгіруден алтыншы орын алды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT