Қонаев қаласында масаға қарсы өңдеу жұмыстары басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қонаев қаласында масаларға қарсы өңдеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 мамырда Қонаев қаласында безгек масасына қарсы өңдеу жұмыстары басталды. Онымен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және әкімдік өкілдері айналысады. Іс - шараның мақсаты - безгекті тасымалдаушылар санының өсуіне жол бермеу. Өңдеудің бірінші кезеңі 17-24 мамыр аралығына жоспарланып отыр»,- делінген Алматы облыстық санитариялық эпидемиологиялық қадағалау департаменті таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, тұрғындар ай сайын жылы мезгілде тұрғын үйлердің жертөлелерін өңдеуі қажет.

«Кәсіпкерлерге беретін кеңесіміз, демалыс базаларының аумақтарында масалардың көбеюі мен тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасайтын су қоймадағы жағаны өсімдіктерден (қамыс, балшық, балдырлар) тазарта отырып, масаларға қарсы өңдеуді жүргізуіңізді сұраймыз. Жоғарыда аталған шараларды уақытылы және сапалы өткізу жәндіктердің санын азайтуға ықпал етеді»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар