Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының басшысы тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Булат Сәрсенбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Директорлар кеңесінің шешімімен Булат Сәрсенбаев Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Булат Сәрсенбаев 1957 жылы 17 шілдеде туған. Алматы шетел тілдері педагогикалық институтын бітірген. Лондон университетінің тыңдаушысы.

Еңбек жолын 1978 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары Алматы қалалық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасында, Қазақстан ЛКЖО Алматы облыстық комитетінде хатшы және нұсқаушы болып жұмыс атқарды.

1991 жылдан 1993 жыл аралығында ҚазКСР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің бас заң кеңесшісі және Алматы қ. Мәскеу аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

«Даңқ» корпорациясының вице-президенті және Қазақстандағы «McKenna&Co International» британдық заң фирмасы өкілдігінің басшысы қызметінде жұмыс істеді.

1997 жылдан ҚР Сыртқы істер министрлігі бағыты бойынша еңбек қызметін жалғастырды: ҚР Израиль мемлекетіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы және кеңесшісі болды.

2001 жылдан 2007 жылға дейін ҚР СІМ халықаралық заң департаменті директорының орынбасары, Гонконг қаласында (ҚХР) ҚР Бас консулдығының бас консулы және Грек Республикасында ҚР дипломатиялық миссиясының уақытша расталған өкілі қызметінде жұмыс атқарды.

2007-2008 жж. – ҚР Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2008-2012 жж. – ҚР Ирак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

2012-2014 жж. – ҚР Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

2014-2015 жж. – ҚР Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2015-2019 жж. – ҚР Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

2019-2020 жж. – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

«Құрмет» орденімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар