Конституция құрдасы Алан Тұрланов туған күнінде 5 адамды өрттен құтқарған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полиция қызметкері болып жұмыс істейтін Алан Тұрлановтың жасы 25-те. Конституция құрдасы өзінің туған күнінде әріптесімен бірге 5 адамды өрттен құтқарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алан Тұрланов 1995 жылы 24 қазанда Атырау қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Каспий маңының осы заманғы колледжін құқықтанушы мамандығымен бітіріп, Қарулы Күштер

қатарында қызмет еткен. Әскерден оралған соң Ішкі істер департаментінің құрылымында тағылымдамадан өткен. Ал, 2017 жылы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына тыңдаушы болып қабылданған.

Полиция қатарындағы жұмысын Миграция басқармасының заңсыз миграцияға қарсы

күрес взводының кіші инспекторы ретінде бастады. Кейін Атырау қалалық полиция басқармасының жол-патрульдік полиция баталонына ауысқан. Қазір аталған баталонда инспектор болып жұмыс істейді.

«2019 жылдың 24 қазанында таңертеңгілік мезгілде кезекшілікте жүрген полиция кіші лейтенанты Алан Тұрланов пен полиция кіші сержанты Талғат Өтешқалиев Авангард-2 ықшамауданындағы 5 қабатты тұрғын үйден өртті байқап қалған. Полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік пультіне хабарлап, өздері адамдарды

дереу құтқаруға ұмтылған. Олар көп қабатты үйге келгенде кіреберісті қою қара түтін тұмшалап тұрған. Соған қарамастан полицейлер өртеніп жатқан пәтерден 2 әйел мен 3 баланы аман алып шыққан. Сол кезде өрт 40 шаршы метрді шарпыған еді» -

деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Жайыққа батқан балаларды құтқарған полиция қызметкерлері туралы жазған едік.



Соңғы жаңалықтар