Қор биржасында доллар 7 теңгеге қымбаттады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 7,03 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 442,61 теңге.

Ұлттық банктің 11 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 434,47 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау нүктелерінде доллардың сату бағамы – 441,89 теңге, сатып алу – 445,50 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 441,80 теңге болса, сатып алу – 444,75 теңге.


Соңғы жаңалықтар