Қор нарығында доллар қайта арзандады
2022 жылғы 19 мамыр 15:56

Қор нарығында доллар қайта арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,29 теңгеге түсіп, 1 доллар - 431,41 теңге болды.

Ұлттық банктің 19 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 432,69 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы - 430,67 теңге, сатып алу – 435,50 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 431,30 теңге болса, сатып алу құны – 434,57 теңге.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT