Қордайдағы «құбыжық» туралы видео жалған – полиция

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде тараған Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «құбыжық» туралы видео жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қордай ауданында «түсініксіз құбыжық» туралы тараған видеоға қатысты Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлама жасады.

Ағымдағы жылдың 16 маусымында интернет желісінде бейнежазба жарияланып, оның авторы Қордай асуында белгісіз жануарды (құбыжық) қағып кеткені туралы ақпарат таратқан.

Тексеру барысында жамбылдық полицейлер роликтің шындыққа жанаспайтынын анықтады.

«Бұл бейнежазба 2020 жылы АҚШ-та түсірілген болып шықты. Онда американдық автор Джозеф-Роб Кобаскидің (@robcobasky) 3D-скульптура мүсіні бейнеленген» делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысының полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.



Соңғы жаңалықтар