Кореяда індет өршіп тұр: тұрғындардың автобусқа отыруына тыйым салынды
Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) хабарлауынша, ел тұрғындары өздерінің жеке автокөліктерін немесе ресми белгіленген қауіпсіз такси, автобус немесе пойыздарды пайдалана алады.
Сонымен қатар Оңтүстік Кореяға келген бетте адамдар соңғы 48 сағат ішінде берілген тест нәтижесін көрсетуі керек. Бұрын соңғы 72 сағат ішінде берілген тест нәтижесі қабылданатын еді.
20 қаңтардан бастап енгізілетін күшейтілген шаралар соңғы күндері шетелден вирус жұқтырып келушілер қатарының көбеюімен байланысты, олардың саны бейсенбі күні рекордтық 391-ге жеткен.
KDCA деректері бойынша, шетелден келген жұқтыру жағдайларының 80%-ы – омикрон штамы.
Бейсенбі күні Оңтүстік Кореяда COVID-19 жұқтырудың 4 167 жағдайы тіркелген, олардың 3 776-сы – жергілікті. Вирус жұқтырғандар саны 679 030-ға жетті.