+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қорғаныс министрлігі қолынан айырылған сарбазға қатысты мәлімдеме жасады

2019 жылғы 16 қазан 18:46
Бөлісіңіз:
Қорғаныс министрлігі қолынан айырылған сарбазға қатысты мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Әділбек Алдабергенов жазда «Бекет ата» оқу полигонында жарылған гранатадан жарақат алған екі сарбазға қатысты мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Көкшетау гарнизонына барды Бакуде ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті Ливандағы қазақстандық бітімгерлер инспекциядан сәтті өтті

«Қолдағы бар мәліметтерге сенсек, 2019 жылдың 17 шілдесінде сабақ кестесіне сәйкес «Бекет ата» оқу-жаттығу полигонында жеке құраммен арнайы оқу-жаттығу жүргізілді. Байланысшы, мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Кошлев оқу-жаттығу орнында байланысшыларға жабдықты көрсету үшін тартылған болатын. Ешқандай жауынгерлік тапсырманы орындауы тиіс емес еді», - деді Әділбек Алдабергенов.

Оның айтуынша, сабаққа даярлық кезінде Кошлев әрбір әскери қызметші білуі тиіс ереже - бұйрықсыз ешқандай іс-қимыл жасауға болмайтынын біле тұра бұйрық берілмесе де, басқа оқу нүктесіне қойылған оқ-дәріге жақындап, Ф-1 гранатасын қолына алған.

«Тұтандырғышын бұрап, граната жарғыш мұрындығын тартып, тетігін іске қосты. Дыбысын естіп, Tadiran радиостанциясының астына салып жіберді. Кошлевпен бірге қызмет атқарып жүргендердің сөзіне сенсек, оған гранатаның жауынгерлік екені ескертілген. Жарылыс салдарынан радиостанцияның алдындағы қатардағы жауынгерлер Кошлев пен Жаманбаев жараланған. Жақын маңдағы басқа әскери қызметшілер зардап шекпегенімен, оларға да қауіп төнген. Зардап шеккен Кошлев пен Жаманбаевқа барлық қажетті медициналық және психологиялық білікті қызмет көрсетілді. Гранатаның жарылу фактісі бойынша ІІМ Әскери тергеу басқармасы бірден қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары жүргізілуде. ІІМ Әскери тергеу басқармасының сұрауы бойынша әскери бөлім келтірген залалдың бағасы берілді. Келген залалдың орнын толтыру бойынша сұрақтар Қорғаныс министрлігінің құзіретіне жатпайды. Шешімді сот қабылдайды», - дейді ол.

Сонымен бірге, 2019 жылғы 23 шілдеде әртүрлі деңгейдегі жауапты командирлердің тарапынан қызметтік міндеттерді тиісті орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны да хабарланды.

«Қосымша Қарулы күштердің ішкі қызмет Жарғысын бұзу фактісі тексерілуде. Осы жағдайдағы әскери қызметшілердің іс-әрекеттерін объективті бағалау – осындай факттарға бұдан ары жол бермеу үшін қажет», - деді Әділбек Алдабергенов.

Еске сала кетсек, осы жазда Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан №99116 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі екі сарбазы жарылған гранатадан жарақат алған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT