Қорғаныс министрлігінің офицерлері Аягөз гарнизонының басшылығына әдістемелік көмек көрсетті

None
None
АЯГӨЗ. ҚазАқпарат - Аягөз гарнизоны әскери бөлімдерінің басшылығына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігінің офицерлерімен кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмысы көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гарнизонда мерзімді әскери қызметшілермен, жас офицерлер және сержанттар құрамымен, әскерге шақырушылардың ата-аналарымен кездесулер өткізілді. Жеке құрамға «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп, тұрғын үй және зейнетақымен қамтамасыз ету заңнамасына қатысты заңды кеңестер берілді.

Сондай-ақ жеке құрамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, бөлімшелердегі моральдық-психологиялық ахуал қарастырылды, әскери ұжымдағы салауатты моральдық-психологиялық жағдай жасауға бағытталған ақпараттық-тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді.

«Ел тірегі» республикалық әскери-патриоттық акция аясында ақпараттық-түсіндіру тобы әскери қызметке қабылдау тәртібі мен шарттарына, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жандандыру басты назар аударды. Осыған байланысты бүгін үздік әскери қызметшілерді запасқа шығарылатын салтанатты шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды және өткізілді. Қолбасшылық олардың үлгілі қызметтерін атап өтіп ата-аналары мен жақындарына алғыстарын білдірді.

Ата-аналардың бірі – Орал Қожабаев 1982-1984 жылдары өзі әскерде болған танк бригадасында бүгін ұлы қызмет атқарады. Орал Қазжанұлы өзінің армиядағы кездерін еске алып, қайтадан танкист киімін киіп қана қоймай, жауынгерлік машинасына да отырды.

«Қарулы Күштер басшылығының арқасында ұйымдастырылған шара кезінде балаларымыздың әскери қызметті қалай атқарып жүргенін көруге мүмкіндік болды. Тура 35 жыл бұрын мен, осы танк ротасында зеңбірек дәлдеушісі, танк командирі, кейін рота старшинасы болып қызмет еттім. Казармаға барып, қызмет жолымды еске алдым. Бұл жерге келгеніме қуаныштымын. Бүгінгі күні мен үшін ыстық болған бөлімде, енді ұлым қызмет атқарады. Оны әскери қатарда сап түзегенін көргеніме өте қуанышты және ризамын», - деп ойымен бөлісті.

Сонымен қатар мерзімді әскери қызметі енді ғана басталатын, қазіргі күзгі әскерге шақырылған әскерге шақырушыларды шығарып салу рәсімі де өтті.

«Мен Талдықорған қаласынан әскерге шақырылдым. Енді осында, Аягөзде қызметімді өтейтін боламын. Бөлімде қажетті жағдайлармен толықтай қамтамасыз етілдік, біздермен сержанттар және командирлер тығыз жұмыс жасауда. Қазіргі таңда ант қабылдауға, сапта қадам басып, қару ұстауды үйреніп жатырмыз. Мен әскерде қызмет ететінімді мақтан тұтамын», - деді қатардағы сарбаз Асылбек Баукенов.

«Ел тірегі» акциясы аясындағы маңызды оқиғаның бірі жергілікті оқушылар арасында да өтті. Жас патриоттар «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының қатарын толықтырды. Тәрбиеленушілер компьютерлік сынып пен робототехникадан жеке әзірлемелерін көрсетті.

Айта кетейік, ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің әртістері, әскери спортшылар және отбасы мүшелері мен жұмыс бөлімінің өкілдері де Аягөз гарнизонына барды. Шығармашылық ұжым өнер көрсетсе, әскери спортшылар балаларға мастер-класс өткізді.

Соңғы жаңалықтар