Коронавирус: Вакцинаны жеткізу жұмысы негізгі 4 кезеңнен тұрады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус вакцинасын сақтау үшін өңір әкімдіктері тоңазытқыш құрылғыларын алып жатыр. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Вакцинаның сапасын қамтамасыз ету үшін өңірлер тоңазытқыш құрылғыларын алып жатыр. Ол тоңазытқыштарда вакцина сақталады әрі сол арқылы тасымалданады», - деді Марат Шоранов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, вакцинаны жеткізу жұмысы негізгі 4 кезеңнен тұрады. Ең алдымен өндірушіден бірыңғай дистриьютордың қоймасына жеткізіледі. Одан кейін бірыңғай дистриьютордың қоймасынан өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының дәріхана қоймаларына әкелінеді. Осыдан кейін үшінші кезеңде өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары бұл вакциналарды қалалар мен аудандардағы медициналық ұйымдарға тасымалдайды. Төртінші кезеңде вакцина сол медициналық ұйымдарда сапалы күйде сақталуы керек.
Еске сала кетсек бұған дейін Марат Шоранов вакцинация жүргізер алдында азаматтардың дене температурасы өлшеніп, жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру шаралары жасалатынын айтқан еді. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады.
- Вероника Нұрпейісова: «Ashyq» мобильді қосымшасы - оңтайлы шешім
- Астаналық кәсіпкер «Ashyq» мобильді қосымшасы туралы: Бизнес үшін жағдай жасалғанына ризамын
- Коронавирус: 253 науқастың жағдайы ауыр – министрлік
- Қазақстанның 3 қаласында «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылады
-
Ақтөбеде 300-ден астам медқызметкер вакцинаның екінші дозасын қабылдады
-
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам