+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Коронавирус: 5 ел бас тартқан круиздік лайнерді Камбоджа қабылдады

2020 жылғы 14 ақпан 12:35
Бөлісіңіз:
Коронавирус: 5 ел бас тартқан круиздік лайнерді Камбоджа қабылдады

СИАНУКВИЛЬ. ҚазАқпарат – Камбоджа билігі «Westerdam» круиздік лайнерін қабылдауға келісті. Ол бортында коронавирус жұқтырған адамдар болуы мүмкін деген қауіпке байланысты бірнеше күн бойы Азияның әртүрлі порттарында байлаулы тұрған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Бортында 1455 жолаушы мен 802 экипаж мүшесі болған «Westerdam» кемесі бейсенбі күні Камбоджа үкіметі рұқсат бергеннен кейін оңтүстік-батыстағы Сиануквиль портына тоқтады.

Жолаушыларға кемеден шығуға рұқсат берерден бұрын денсаулық сақтау өкілдері бортқа кіріп, медициналық тексеру жүргізді.

Камбоджа денсаулық сақтау министрі Мам Бунхенганың айтуынша, ауырған 20 жолаушыдан алынған сынама COVID-19 коронавирусына теріс нәтиже берген. Кемеден шыққан жолаушыларды Камбоджа премьер-министрі Хун Сен күтіп алды.

Лайнер Гонконгтан 1 ақпанда 14 күндік круиз жасау үшін шығып, Жапонияға баруы керек еді. Алайда, бұл мемлекет кеме операторынан Гонконгке оралуын сұраған. Лайнерді Гуам, Филиппин, Таиланд және Тайвань қабылдаудан бас тартқан.

Holland America Line кеме операторы өз бортында COVID-19 жұқтырғандар жоқтығын бірнеше рет мәлімдеген еді.

Еске салайық, Камбоджа елі 2300-ге жуық адамы бар «Westerdam» круиздік лайнерін қабылдауға рұқсат бергенін бұған дейін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT