Коронавирус: 657 қазақстандық шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, бір тәулікте елімізге 3 155 жолаушы ұшып келді. Оның 2 498-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 657 адам анықтамасыз келген, барлығы да ҚР азаматтары.
Атап айтқанда:
- Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 998 жолаушы, анықтамамен - 1 633, анықтамасыз - 365;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 155 жолаушы, анықтамамен - 863; анықтамасыз - 292;
- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген.
«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деді министрліктен.
Сондай-ақ 20 ақпанда шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 327 азаматының коронавирусқа талдау сараптамасы дайын болған. Олардың ешбірінде індет анықталмады.