Коронавирус: Әлем елдеріндегі жағдай қандай

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияда коронавирустан 13 915 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап хабарлайды.

Италияда жаңа коронавирустан болған аурудан және оның салдарынан қайтыс болғандардың саны тәулігіне 760 адамды құрады, пандемия басталғаннан бері 13 915 адамға жетті. Бұл туралы бейсенбі күні Азаматтарды қорғау департаментінің басшысы Анджело Боррелли хабарлады.


Хорватияда жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 011-ге жетті. Қазіргі уақытта бұл елде 35 науқас өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған.
Ресейде сәуір айында толығымен жұмыссыз күндер болады деп жарияланды. Бұл елде 3500-ден астам адам жұқтырған коронавирустың таралуына байланысты демалыс күндерін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Канадада коронавирусты жұқтырғандар саны 10 мың адамнан асты. Қазіргі таңда Канадада коронавирустың ағзада бар-жоқтығына байланысты 257 мыңға жуық адам тексерілді, 127 өлім-жітім тіркелді.
Тайланд 3 сәуірден бастап жалпыұлттық коменданттық сағатты енгізеді. Ол жергілікті уақыт бойынша 22:00-ден 04:00-ге дейінгі аралықта болады.
Әзербайжан билігі коронавирусқа байланысты адамдардың қозғалысына шектеу енгізуде. Тұрғындар үйден үш жағдайда ғана шыға алады: медициналық көмек қажет болған жағдайда; күнделікті сұраныстағы өнімдер мен азық-түлікті, дәрі-дәрмектерді сатып алуға, банк және пошта қызметтерін пайдалануға; туысының жерлеуіне қатысуға. Осы мақсатта SMS-хабарлама жіберу қажет.

Малавияда (Африка) алғашқы 3 адамның (COVID-2019) коронавирус инфекциясына шалдыққаны тіркелді.

Соңғы жаңалықтар