Коронавирус: Алматы қаласы қайтадан «сары» аймаққа ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда «қызыл» аймақта бір ғана өңір - Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

Ал «сары» аймақта Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта орналасқан.


Соңғы жаңалықтар