Коронавирус: Алматыда 122 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
17 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 318 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 286, симптомсыз – 32 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 16, келіп түскені – 67
«Инфекциялық стационарларда 1 368 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 28 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 122 адам жатыр.
Ал 21 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 66 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 26 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 971 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2853 науқас. 118 адамда коронавирус белгілері жоқ.