Коронавирус: Алматыда науқастарды емдейтін төсек-орын қоры 58% толған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда төсек-орынның қоры 58,3 % толған. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 мамырдағы жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирус инфекцияның 56 526 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте 658 адамнан коронавирус анықталды.Тәуліктік өсім -1,1%. Репродуктивті саны - 0,999. Емделгендер - 44 393 адам, қосымша тәулігіне - 200 науқас сауығып шықты. Қаңтар айында - 3 607 жағдай, ақпан айы – 2 945, наурызда – 9 500, сәуірде – 19 900 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген»,-дейді ол.

Сонымен қатар, ол қалада коронавирус белгісі бар науқастар саны артқанын жеткізді.

«КВИ штаммдарының мутациялануына байланысты КВИ жұқтыру мен дертке шалдығу жалғасуда. Симптомсыз науқастардың үлес салмағы төмендеуде, симптомдық науқастар көбеюде, мәселен қаңтарда 73%, ақпанда 70%, наурызда 78%, сәуірде 86%, мамыр айының үш күнінде 87,4%-ды құрады. Негізінен инфекцияны 20-дан 70-ке дейінгі жас аралығындағылар тез жұқтырады. Олар науқастардың жалпы санының 76%-ын құрап отыр»,-деді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында пациенттерді сырқат дегейіне қарай бөледі.

«Яғни, эшелондау қағидаты енгізілген .Бірінші эшелонға жағдайы ауыр науқастар, қосалқы аурулары және ықтимал қауіптері бар орташа ауырлықтағы пациенттер жатады. Екінші эшелонға орташа ауыр жағдайдағы пациенттер жатады, ал үшінші эшелон-резервтік стационарлар. Осының арқасында төсек-орындар жеткілікті. Бүгінде төсек-орын қорының 58,3% - ы, реанимациялық төсек- орындардың 51,6% - ы толған», -деді ол.


Соңғы жаңалықтар