Коронавирус: Бір тәулікте Теңіз кенішіндегі науқастар 81 адамға көбейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысының Теңіз кенішінде бір тәулікте коронавирус жұқтырған науқастар 81 адамға көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте коронавирус инфекциясына 101 адам шалдыққан.

Оның ішінде Теңіз кенішінің 81 жұмысшысы бар.

Атырау қаласында 13 науқас тіркеліп отыр.

Сондай-ақ, Жылыой ауданында 4, Құрманғазыда – 2, Исатай ауданында 1 адам Сovid-19 жұқтырған.

Қауіпті вирустың симптомды түрі 17 науқастан анықталған.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 58 адам емделіп шықты. Қазір 320 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 90, аудандардағы стационарларда 38, Теңіз кенішіндегі стационарда 840 адам ем қабылдап жатыр» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 111 адам коронавирусқа шалдыққан еді.


Соңғы жаңалықтар