Коронавирус: БҚО-да 624 науқас инфекциялық стационарда жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 810 төсектік 10 инфекциялық стационарда 624 науқас жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, жұқпалы аурулар стационарлары 77 пайызға толған.

Соның ішінде 32 науқас жансақтау бөлімінде емделуде.

Оған қоса 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 21 адам бар.

«Қызыл» аймақта тұрған облыста бір аптада 885 адам коронавирус жұқтырды.

Пневмонияға шалдыққан 468 адам стационарлық, 43-і амбулаторлық ем алуда.

Инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 6, инвазивті емес осындай құрылғыға 13, оттегі концентраторына 33, орталықтандырылған оттегі көзіне 113 адам қосылған.

Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 592 бала індет жұқтырған.

Ірі кәсіпорындардан Чинарев кен орнындағы «Жайықмұнай» ЖШС-дан биыл 38, Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясынан 90 адамнан коронавирус табылды.

Стационарларда 355 медицина қызметкері (74 дәрігер, 155 орта, 126 кіші буынды медицина қызметкері) жұмыс жасауда.

Өңірде 13 зертханада 22983 зерттеуге арналған 459,56 тест жүйесі бар. Соңғы тәулікте 2272 зерттеу жүргізілді.

«Call-орталықтар үш ауысымда тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Соңғы аптада (12-18 сәуір) 109 телефонына 4763 қоңырау шалынса, соның 601-і ковидке қатысты болды. Жедел жәрдем стансасында 100 автокөлік бар. Тәулігіне 800-850-ден астам шақырту түседі. Емханалар жанында пациенттерді бақылау үшін 124 мобильді бригада құрылған», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір тәулікте 205 адамнан коронавирус анықталғанын жазған едік.




Соңғы жаңалықтар