Коронавирус: дәрі-дәрмектермен жедел қамтамасыз ету - Үкіметтің ерекше бақылауында
»Коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектермен жедел қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында. Вирус жұқтырғандар санының күрт және болжанбай өсуіне байланысты маусым айының аяғы, шілде айының басында ауруханалар мен привизорлық орталықтарда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі болды«, - дейді «СК-Фармация« ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.
Оның айтуынша, шұғыл шаралар кешені әзірленді. Бұл дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін қысқа мерзімде тез шешуге мүмкіндік берді.
»Шұғыл шаралар кешені бойынша 2,6 млрд теңгеге КВИ емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді бір айға жететіндей етіп алу, 8,7 млрд теңгеге 40 мың пациентке қосымша көлем сатып алу, 24 млрд теңгеге КВИ-мен ауырған 100 мың пациентті емдеуге арналған дәрі-дәрмектерге 2 айлық резерв қалыптастыру қарастырылып отыр«, - дейді ол.
Сондай-ақ, компанияның логистикалық процестері жаңартылған.
»Жағдайды өзгерту үшін логистикалық формат статикалықтан динамикалық есепке өзгертілді. КВИ-дің жедел жағдайы кезінде барлық дәрі-дәрмектер медициналық мекемелерге бірден жіберіледі. Қойма кезекші топтар құра отырып, 24/7 режимінде жұмыс істеді. Жоспарланған рейстер саны 1,7 есеге артты. Жеткізу мерзімі 2 аптадан 1 аптаға дейін қысқарды. Дәрі-дәрмектерді санауды тездету үшін қойма жұмысшыларының саны көбейтілді. Дәрі-дәрмектерді жеткізуді жеделдету туралы авиакомпаниялармен келісім (Scat, Air Astana, Kazakh air) жасалды. Енді бірігіп жұмыс істейміз«, - дейді Ерхат Есқалиев.