Коронавирус: ЕО Украинаны вирустың өршуіне байланысты «жасыл» тізімнен шығарды

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Еуроодақ вирустың өршуіне және өлім жағдайларының артуына байланысты Украинаны елдердің «жасыл» тізімінен шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Джонс Хопкинс унивеситетінің мәліметінше, әлемде пандемия кезінде Covid-19 жұқтырушылар саны 250 млн адамнан асқан, 5 миллионнан астам адам көз жұмған.

Ресейде алғаш рет бір тәулікте 1,2 мыңнан астам өлім жағдайы тіркелген.

Қазір көптеген ел ауру жұқтырушылар санының күрт артуына алаңдаулы. АҚШ, Ұлыбритания мен Ресейде эпидахуал өте күрделі болып отыр.

Осы үштіктен кейінгі қатарда Түркия, Украина мен Германия тұр. Сейсенбі күні Еуроодақ эпидемиологиялық жағдайы қолайлы елдердің «жасыл» тізімінен Украинаны шығарып тастағаны белгілі болды. Соңғы 28 күнде мұнда жарты миллионнан астам адам ауруға шалдыққан, 14,6 мың адам көз жұмған. Елде пандемия басталғалы коронавирустан 78 мың адам қайтыс болған.

«Жасыл» тізімге азаматтары үшін ЕО билігі міндетті емес (яғни туристік) саяхатқа шектеулерді алып тастауды ұсынатын елдер кіреді; енді мұндай сапарларды шектеу ұсынылады. Алайда, ЕО билігі мен Украинаның сыртқы істер министрлігі түсіндіргендей, бұл украиндықтар енді Еуропаға визасыз бару құқығынан автоматты түрде айрылады дегенді білдірмейді. Бұл туралы шешімді әр ел жеке қабылдайды, ал әзірге ЕО мемлекеттерінің көпшілігі халықаралық деңгейде танылған препараттармен толық вакциналаудан өткен украиндықтарға кіруге рұқсат береді.

«Украина ЕО-ның «жасыл» тізімінен шығарылғаннан кейін ЕО шекараларын толығымен жабуға болмайды. Бұл ұсыныс, ал соңғы шешімді әр ел жеке қабылдайтын болады. Украинаның СІМ украиндер үшін барынша саяхат еркіндігін сақтау үшін серіктестерімен белсенді түрде жұмыс істеуде», - деп жазды Твиттерде Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба.


Соңғы жаңалықтар