09:00, 24 Қараша 2020 | GMT +6
Коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмония: 20 адам ауырды, бір науқас көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы 24 қарашада тіркелген коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияға қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 20 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 30 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 41 223, 428 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30 116-ға жетті.