+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Коронавирус: Қазақстан мен әлемдегі ахуалға шолу

2020 жылғы 27 ақпан 00:50
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Қазақстан мен әлемдегі ахуалға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус індетінің алдын алу бойынша Қазақстанда қандай жұмыстар атқарылғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемде коронавирус бойынша жағдай күнде құбылып тұр. ҚХР-да жағдай тұрақты болса, басқа елдерде жағдай күрделеніп барады. Мысалы, кейінгі кездері Иран Республикасында жағдай күрделі. Ресми түрде онда 42 оқиға тіркеліп, 12 адам қайтыс болған. Оңтүстік Кореяда 10 өлім-жітім оқиғасы, Италияда – 10, Гонконгта – 2 жағдай тіркелді «, - дейді Ж. Бекшин.

Ал аталмыш инфекция шыққан Қытай елінде соңғы мәліметтер бойынша 78 064 адам вирусқа шалдыққан, 2 715 адам көз жұмды. ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитеті сәрсенбі 26 ақпанда 406 жаңа корнавирус жұқтырған адамды анықтады, ал сейсенбі күні 52 адам осы инфекциядан қайтыс болды. Өлімнің барлығы Хубэй провинциясында (Орталық Қытай) тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігі індет тараған мемлекеттерді үш санатқа бөліп, Қазақстан азаматтарына бірнеше елге бармау жөнінде кеңес берді.

Бұрын бірінші санатта тек ҚХР болса, бұл тізімге Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Иран, Қытайдың арнайы әкімшілік аймақтары – Гонконг, Макао, Тайвань аймағы енгізілді. Бұл елдерден келген азаматтар 1 наурыздан бастап, үйде карантинге оқшауланады. Олар өз мекенжайы бойынша оқшауланады. Күнделікті жергілікті дәрігерлер осы азаматтарды қарап шығады.

Қауіптілігі жағынан екінші санатта үш мемлекет бар – Сингапур, Таиланд, Малайзия. Ал үшінші санатқа – Вьетнам, Германия, Аустралия, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Канада енгізілді. Бұл елдерден келіп жатқан азаматтар еркін жүреді, шаруаларымен айналыса алады. Бірақ, олардың жағдайын медициналық қызметкерлер телефон арқылы күнара біліп тұрады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда – 34 мың, Жапонияда – 180, Иранда – 170-ке жуық қазақстандық бар. Осы уақытқа дейін Уханьнан 300-ге тарта қазақстандықтар мен шетелдіктер жеткізіліп, карантиннен өткізілген. Олардан коронавирус табылған жоқ. Қазір де Қытайдан келетін азаматтарға карантин енгізілетін болады. 20 ақпаннан бастап 160 адам карантинде жатыр. Олардың ішінде отандастарымызбен бірге ҚХР-дың да, өзге елдердің де азаматтары бар.

Сонымен бірге, коронавирус инфекциясына байланысты Қазақстан Оңтүстік Корея мен Иранға әуе рейстерін шектейді. Оңтүстік Корея коронавирус қаупі жағынан бірінші санатқа енгізілді. Онда 1 146 адам коронавирус жұқтырып, 11 адам көз жұмды. 1 наурыздан бастап екі ел арасындағы әуе қатынасы 9 рейстен 3 рейске дейін азаяды. Ал Иранда коронавирусқа қатысты 42 оқиға тіркелсе, оның 12 адам қайтыс болды. Түркия, Пәкістан, Оман, Ауғанстан сынды елдер Иранмен әуе қатынасын уақытша шектеген еді. Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Инвестиция және инфрақұрылымдық даму және Сыртқы істер министрліктерімен бірлесіп, өзге мемлекеттермен де әуе қатынасын шектеуді қарастырып жатыр.

Бұл ретте Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалының тоқтамағанын атап өткен жөн.

«Жүк тасымалымен айналысатын қызметкерлерге, оның ішінде жүргізушілерге қатысты еш қауіптің жоқтығын анықтадық. Газбен айналысатын көлік жүргізушілері үшін де қауіп жоқ. Олар кедендік аймаққа екі сағатқа кіреді және Қазақстанға өтпейді. Басқа да ауыр жүк көліктері жүргізушілері шекара аймағында тұр. Қытайлық тараптан да, біздің тараптан да шаралар қабылдап жатыр. Көлік жүргізушілері бақылауға алынған. Тексеру жұмыстары күніне екі рет жүргізіледі», - деді Жандарбек Бекшин.

Одан бөлек, Жандарбек Бекшин кәсіпорындар мен қоғамдық орындардың дезинфекциялық режимін күшейтуді сұрады. Дезинфекциялық режимді күшейтіп, барлық қоғамдық ұйымдарда қол жууға жағдай жасалуы керек. Міндетті түрде сұйық сабын қойылуы тиіс. Әсіресе, супермаркеттер мен медициналық мекемелерде дезинфекциялық режим сақталып, сағат сайын есік тұтқалары мен баспалдақ маңайы тазартылып тұруы керек.

Алматы қаласының әкімдігі аса қажеттілік болмаса адам көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігін ескертті. Қаладағы барлық медициналық ұйымдар жеке қорғану құралдарымен толық қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, коронавирустың өршуіне байланысты бірқатар халықаралық спорттық ойындар кейінге шегеріліп, өзге қалаларға ауыстырылды.

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында 13-15 наурыз күндеріне жоспарланған шорт-тректен әлем чемпионаты өтпейтін болды. Бұл елде коронавирус жұқтырғандар саны 1 146 адамға жетті.

Күрес түрлерінен Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі Қытайдан Қырғызстанға ауыстырылды. Негізгі жоспар бойынша Токио олимпиадасы қарсаңындағы аймақтық лицензиялық турнир Қытайдың Сиянь қаласында өтуі тиіс болатын. Алайда, Қытайдағы коронавирустың өршуіне байланысты бұл бәсеке Қырғызстанның Бішкек қаласына ауыстырылды. Енді, күрес түрлерінен Азия аймақтық лицензиялық турнирі 2020 жылдың 27-29 наурызы аралығында Бішкекте өтетін болды.

Бокстан 2020 жылғы Токио олимпиадасына Азия/Тынық мұхит аймағы елдерінің аймақтық іріктеу турнирі мен таеквондодан 10-12 сәуір күндері Уси қаласында болатын тағы бір лицензиялық жарыс Иорданияның Амман қаласына ауыстырылды.

Италияда Еуропа лигасының 1/16 финалының «Интер» - «Лудогорец» командалары арасында болатын қарымта ойыны жанкүйерсіз өтеді. Вирустың таралуына байланысты италиялық А сериясының 25 турының төрт матчы тоқтатылған еді. Сондай-ақ әуесқой және жастар лигасында 42 матч кейінге қалдырылды. Италия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытай мен Оңтүстік Кореядан кейінгі үшінші орында тұр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT