Коронавирус: Қазақстанда қай өңірлер «қызыл» аймақта тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі сәтте «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта тұр.

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Соңғы жаңалықтар