Коронавирус: Қазақстанда вакцинаның 1-компоненті 766,6 мың азаматқа салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда вакцинаның бірінші компоненті 766 614 азаматқа салынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні бірінші компонентпен 766 614 азамат, екінші компонентпен 126 500 азамат егілді. Қажеттілікті ескере отырып, егу пунктерінің саны тұрақты түрде өсіп келе жатқанын атап айтқым келеді. Бүгінгі күні өңірлерде 1 051 егу пунктінде иммундау жүргізілуде. Бұдан басқа, шалғайдағы аудандарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу үшін 303 көшпелі егу бригадасы жұмылдырылды», - деді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, иммундау науқанына 10 мыңнан астам медицина қызметкері тартылды.

«Ауыл тұрғындары үшін вакцинацияның қолжетімділігін арттыру мақсатында вакцинация жылжымалы медициналық кешендерді пайдалана отырып ұйымдастырылады», - деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар