Коронавирус: Қостанай облысы «жасыл аймаққа» кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша, «қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары «сары аймақта».

«Жасыл аймақта» 13 сәуірде Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстары тұрған болатын. Бүгін олардың қатарына Қостанай облысы қосылды.


Соңғы жаңалықтар