Коронавирус: Қытайда бір миллиардтан астам адамға екпе салу қажет

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін, COVID-19 вирусына қарсы бір миллиардтан астам адамға екпе салдырту қажет. Мұндай пікірін Қытай елінің ауруларды қадағалау және алдын алу орталығының бас иммунологы Ван Хуацин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакциналау деңгейі неғұрлым жоғары болса, иммундық барьер соғұрлым күштірек болады», - деді Ван Хуацин.

Қытайлық иммунолог ел тұрғындарын инфекцияның таралу жолында қорғаныс барьерін қалыптастыру үшін тезірек вакцина салдыртуға үндеді. Бұл ретте ол вакцинаның қалыпты, ковидке дейін болған өмірге тезірек қайтып оралу үшін маңызды екенін атап өтті.

Оның айтуынша, COVID-19 вирусының жылдам таралуы оның мутациялануына мүмкіндік береді. Вирустың жылдам мутациясын тоқтатудың ең жақсы әдісі – инфекцияның көзін жою болып табылады, бұл адамдарды тезірек вакциналау және оларда коронавирусқа қарсы иммунитетін қалыптастыруды білдіреді.

Вакциналаудан кейін коронавирусты жұқтыру мүмкіндігіне қатысты қауіптенуге қатысты түсініктемесін берген қытайлық сарапшы 3-ші фазаның клиникалық сынақтары екпе салдыртқан адамдардың көбінде иммундық қорғаныс пайда болатынын атап өтті.

Бұған дейін ҚХР жетекші эпидемиологы Чжун Наньшань Қытай билігінің 2021 жылдың маусымына қарай COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны ел тұрғындарының 40-қа жуық пайызына, немесе 560 мыңға жуық адамға (ҚХР халық саны – шамамен 1,4 млрд адам) егуге ниетті екенін мәлімдеді.

Қытайда тұрғындардың басым топтарын вакциналау өткен жылдың желтоқсанында басталған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бүкіл ел бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 164 млн дозасы егілген.


Соңғы жаңалықтар