Коронавирус: Министрлік ресейлік вакцинаға қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алу жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз көптеген өндірушілермен, соның ішінде ресейлік өндірушілермен осындай келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазақстанда ресми тіркеу алған жағдайда ғана вакцинаны жалпы қолдануға рұқсат етілетінін түсіну керек. Яғни, осы вакцинаның тиімділігін, қауіпсіздігін тексергеннен кейін ғана ресми тіркеу беріледі. Сондықтан Қазақстанда қолданылатын кез келген вакцина осы процедуралардан өтуі керек. Тиісінше ол клиникалық сынақтардың соңғы сатыларынан өтуі қажет. Сондықтан жанама әсері бар немесе дәлелденбейтін кез келген вакцина әрине, Қазақстан аумағына жіберілмейді», - деп жауап берді министр Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық вакциналар, оның ішінде ресейлік вакцина да сынақ кезеңдерінен өтіп жатыр.

«Сондықтан әрбір технологиялық компания өз өнімдерін жетілдіру бойынша жұмыс істейді. Біз басқа елдер мен басқа өнімдерді бақылап отырамыз. Сондықтан Қазақстанда тек тексерілген вакцина ғана пайдаланылады. Біз үшін ресми тұжырымдар мен расталған ресми деректер өте маңызды. Бұл вакциналар қабылдау кезінде де тағы тексеріледі. Қадағалау жүйесінен өткен соң ғана өнім нарыққа жіберіледі», - деді А. Цой.


Соңғы жаңалықтар