Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта қалып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 маусымдағы жағдай бойынша:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Еске салайық, 9 маусым күні Қарағанды облысы «қызыл» аймақтан шыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар