+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Коронавирус: Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасын жапты

2021 жылғы 22 маусым 18:09
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасын жапты

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауынан Ауғанстанмен шекарасын уақытша жабады. Сәйкес шешімді Коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай қалалық ауруханасы қайтадан инфекциялық стационарға айналды Маңғыстауда коронавирус жұқтырған 34 бала ауруханада емделіп жатыр Грекияда 12-15 жас аралығындағы балаларды вакциналау жоспарланып отыр

«Арнайы республикалық комиссия елдегі эпидемиологиялық ахуалды есепке ала отырып, өзбек-ауған шекарасы арқылы азаматтардың қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Ауғанстан азаматтарына туристік визаларды беру және туристік фирмалардан визалық өтінімдерді қабылдау тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Ведомство дерегіне сай, коронавирус инфекциясы анықталған Өзбекстан азаматтары арнайы ауруханаларға ем алуға жіберіліп отырады. Ал коронавирус анықталған шетелдік азаматтар Өзбекстан аумағына кіргізілмейді.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда КВИ ауруының тұрақты өсуі байқалады. Өткен тәуліктің өзінде 427 адам коронавирус жұқтырған. Ташкент (163) және Ташкент облысы (61) көш бастап тұр. Ауруханаларда 3 571 коронавирус жұқтырған науқас жатыр.

Сонымен қатар, Өзбекстанда шетелдіктер үшін міндетті ПТР-тест жүйесі қайта енгізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT