Коронавирус: Өзбекстандықтар шетелдіктердің визасының мерзімін ұзартып жатыр

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда жүрген шетел азаматтарының визалары автоматты түрде ұзартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, COVID-19 вирусының тарауына байланысты енгізілген шектеулерге байланысты Өзбекстанда арнайы республикалық комиссия осыған дейін Өзбекстанда жүрген шетелдіктерге беріліп, олар өз елдеріне қайта алмай қалған жағдайда визаның мерзімін 2020 жылдың 10 сәуіріне дейін автоматты түрде ұзарту жөнінде шешім қабылдады.

Бұған қоса Өзбекстанда осы елге визасыз кіре алатын азаматтарға 2020 жылдың 10 сәуіріне дейін болуға рұқсат етілді. Сәйкесінше, осы санаттағы шетел азаматтарына әкімшілік шаралар қолданылмайды.

Соңғы жаңалықтар