Коронавирус пен пневмониядан тағы 15 науқас көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 маусымдағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 71 оқиғасы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 22 адам емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 тамыздан барлығы: ауырды – 55999, қайтыс болды – 944, жазылып шықты 51581 адам.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 13 адам көз жұмды.

Еске салайық, кеше коронавирус пен пневмониядан 18 адам қайтыс болғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар