Коронавирус салдарынан Қытайдың 13 қаласы карантинге жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус салдарынан Қытайдың 13 қаласында карантин жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайлық sina.com порталының хабарлауынша, 23 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша 10:00-де Хубей провинцияның орталығы Ухан қаласында карантин жарияланған болатын. Ал бүгін 24 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 12:00-ге дейін Хубэй провинциясының өзге Эчжоу, Сяньтао, Чжицзян, Цяньцзян, Хуанган, Чиби, Цзинмэнь, Сяньнин, Хуанши, Дангян, Эньши және Сяогань сынды 12 қаласы карантинге жабылды.

Айта кетерлігі, карантин жарияланған қалалардың барлығында жол-көлік қатынасы тоқтатылып, тұрғындардың үйінен көп шықпауға кеңес берілген.




Соңғы жаңалықтар