Коронавирус: «Сары» аймаққа кірген өңірлер саны өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 8 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Қазақстан эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа тіркелген.

Айта кетсек, кешегі мәлімет бойынша Қазақстанның 8 өңірі «қызыл», тек бір өңірі «сары» аймақта болған.



Соңғы жаңалықтар