Коронавирус: Семейде оқушыларды мектепке автобуспен жеткізу тоқтатылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты оқушыларды мектепке автобуспен жеткізу жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Семейдегі білім ордаларында эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

«Мектепте барлық карантиндік талаптар сақталған. Егер оқушылардың бірінен коронавирус анықталса, онда сынып түгелдей қашықтан оқытуға көшірілуде. Дезинфекциялау жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. 1 қыркүйектен бері 25 автобус оқушыларды мектепке тасып отырған. Енді алдағы дүйсенбіден бастап балалар өздігімен баратын болады. Қоғамдық көліктер қайта қалалық маршрутқа оралады», - деді ол.

Айта кетейік, қыркүйек айының басында шаһар «қызыл» аймаққа енді. Соған орай 3 мыңнан астам оқушыны көлікпен тасымалдау ұйымдастырылды.

Қалалық Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, Семейде тұрғындарды вакциналау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда 213 мың адам вирусқа қарсы екпе салдырған.


Соңғы жаңалықтар