+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Коронавирус: ШҚО-да науқастарға 350 дозадан астам иммундық плазма құйылды

2020 жылғы 24 қараша 03:10
Бөлісіңіз:
Коронавирус: ШҚО-да науқастарға 350 дозадан астам иммундық плазма құйылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясына шалдыққан 180-нен астам пациент қан плазмасымен емделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда КВИ жұқтырғандар бір аптаның ішінде 36 пайызға артты Шығыс Қазақстанда 1 мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырған Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңнан асты

Өңірде коронавирустан жазылып шыққан адамдардың иммундық плазмасын науқастарға құю әдісі жиі қолданылуда. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда әртүрлі қан топтарындағы плазманың 3 123 дозасы дайындалған.

«Инфекциялық стационарлардың дәрігерлері үшін иммундық плазманы пайдалану бойынша семинарлар өткізілді. Осы уақытқа дейін 181 пациентке 352 доза плазма құйылған», - делінген хабарламада.

Иммундық плазманы дұрыс сақтау үшін Өскемен және Семей қалаларында екі қан орталығы үшін 20 мұздатқыш камера сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ аудандық ауруханаларға қосымша 15 арнайы мұздатқыш және 19 плазмалық мұздатқыш сатып алынбақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT