Коронавирус статистикасы өскеніне алаңдамау керек - Алматы әкімі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев в «Алматы» телеарнасында тікелей эфир арқылы халықтың сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, коронавирус статистикасының бірден өсуі істеліп жатқан жұмыс нәтижесі болып отыр.

«Өткен аймен салыстырғанда қазіргі статистика басқаша. Коронавирус жұқтыру жағдайы күннен күнге артып келеді. Бұл белсенді жүргізіліп жатқан ПТР талдаудың арқасы. Бүгінде біз 435 мың тест жасаған екенбіз. Бұл - республика бойынша рекордты көрсеткіш. Оның ішінде 176 адам өзі жүгінген. Қазір қалада көп жерлерде автокөліктен шықпай-ақ тест тапсыруға болады. Мұның барлығы цифрларға әсер ететінін рас», - деді әкім.

Сағынтаевтың айтуынша, бұл шара коронавируспен күрестегі медциналық көмекті үйлестіру үшін керек.

«Егер біз қалада ахуал қандай екенін білмесек, қаладағы денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымына қандай жүктеме түсетінін білмейтін боламыз. Оның ішінде төсек орыны, дәрілер, жеке қорғаныс құралы, дәрігерлер, медбикелер бар. Сондықтан, жүйені бақылап отыру үшін бұл жұмыс керек. Бізге аурулар саны артып келе жатқандай көрінгенмен, бұл диагностика бойынша жасалып жатқан жұмыстың нәтижесі болып отыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар