Коронавирус: Таеквондодан Олимпиадаға іріктеу турнирі маусымда өтетін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында таеквондодан Азия құрлықтық іріктеу турнирінің уақыты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық таеквондо федерациясы хабарлағандай, коронавирус індетінің әлемде таралуына байланысты маңызды турнирдің уақыты өзгерді.

«Құрметті әріптестер, алдында хабарлағанымыздай, Иордания таеквондо федерациясы 10 - 12 сәуір күндері Амманда өтетін құрлықтық іріктеу турнирінің уақытын шегерген болатын. Халықаралық таеквондо федерациясы, Азия таеквондо федерациясы мен Иордания таеквондо федераия ақылдаса келе жарыс уақытының өзгеретіні туралы шешім қабылдадық. Нәтижесінде, Олимпиада ойындарына Азия аймағының іріктеу турнирі 5 – 7 маусымға ауыстырылады. Жарыс өтетін жер алдағы уақытта хабарланады», делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері Қазақстанда өтуі тиіс көптеген жарыстар да кейінге шегерілген болатын.


Соңғы жаңалықтар