Коронавирус: Тағы екі өңір «қызыл» аймаққа кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3 мамырдағы мәлімет бойынша: «қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар, Жамбыл, облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.

Еске салсақ, Шымкент қаласы 28 сәуірде «қызыл» аймаққа кіріп, кейін «сарыға» ауысқан еді.

Сонымен қатар кеше ғана «сары» аймақта болған Жамбыл облысы «қызылға» өтті.



Соңғы жаңалықтар