Коронавирус: Түркістан облысында қоғамдық көліктер қандай талап сақтауы тиіс

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Бас мемлекеттік-санитариялық дәрігері өңірде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында қоғамдық көліктерге қатысты бірнеше талап енгізген болатын. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осы талаптарды еске салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, жүргізуші көлік құралын басқарарда қолғаптарды, медициналық маскаларды уақтылы (әрбір 2 сағат сайын) ауыстырып отыруы қажет. Қызмет көрсету уақыты аяқталғаннан кейін салон желдетіліп, терезелер, есік тұтқалары, таяныштар, отырғыштар дезинфекциялық сулықтармен сүртілуі керек. Сондай-ақ, жолаушыларды қоғамдық көлікке отыруға арналған орын санынан аспайтын мөлшерде мінгізіп, мүмкіндігінше қолма-қол ақшасыз есеп айырысу қамтамасыз етілуі қажет. Жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі сынды белгілері бар персонал жұмысқа жіберілмейді. Өз кезегінде жолаушылар салонға медициналық маскамен кіріп, кемінде 1 метр қашықтық сақталуы тиіс.

Өткен жылы Түркістан облысында қалааралық, ауданаралық жолаушылар тасымалы автобус және микроавтобустардың қатынасын тоқтату туралы талаптарды орындамаған, бетперделік режимді, әлеуметтік ара қашықтықты, антисептикпен қамтамасыз ету жұмыстарын сақтамаған 64 жағдай анықталды. Қаулы талаптарын орындамағандарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 2 млн 944 мың тг айыппұл салынған.

Мониторингілік топ 2021 жылдың басынан бері бетперделік режим мен ара қашықтық сақтамаған 4 жағдайды анықтады.


Соңғы жаңалықтар