Коронавирус: Ұлыбританияда 6 айға созылуы мүмкін жаңа шектеулер енгізіледі

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирусқа байланысты жаңа шектеу шараларын жариялай отырып, Ұлыбританияның «жаңа қауіпті кезеңге» жеткенін айтты. Ол алты айға созылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Жаңа ереже бойынша дүкен қызметкері бетке арналған маска тағуға міндетті, ал тойға 15 адамнан артық қатысуға болмайды.

Жиын мен маска тағуға қатысты ережені бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі бірінші ретке 200 фунт стерлингке дейін көбейеді.

Сонымен қатар ол қажет болған жағдайда бұдан да қатаң шектеу енгізілуі мүмкін екенін ескертті.

Борис Джонсонның айтуынша, сейсенбі күні Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия көшбасшыларымен кездескеннен кейін осыған ұқсас шаралар Ұлыбританияның барлық аймағында қабылданады.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда жаңа типті коронавирус індеті шарықтау шегіне жеткені туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар