Коронавирус жұқтырған 1190 адамның жағдайы ауыр - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған 1190 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап.

22 шілдедегі мәлімет бойынша 67 475 адам коронавирус инфекциясынан (65 808 КВИ+ және 1 667 КВИ-) емделуде, олардың ішінде

20 526 пациент стационарда, 46 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 190 адамның жағдайы ауыр,

272 пациенттің жағдайы өте ауыр,

168 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар