Коронавирус жұқтырған әйел стационарда дені сау сәбиді дүниеге әкелді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облыстық туберкулезге қарсы динспансерінің жұқпалы аурулар стационарында коронавирус жұқтырған 31 жастағы жүкті әйел дені сау баланы дүниеге әкелді. ҚазАқпарат бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоныңәлеуметтік желідегі парақшасында жарияланғандай, 31 жастағы әйел 13 мамырда Целиноград ауданының Қосшы ауылынан коронавирус диагнозымен Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылған. 16 мамырда салмағы 3100 грамм, бойы 52 см нәрестені босанды. Сәби «таза аймаққа» ауыстырылып, COVID-19-ға экспресс және полимеразды тізбек реакциясына сынама алынды. Екі сынаманың да нәтижесі – теріс.

«Әйел еш қиындықсыз босанды. Шақалақтың анасын, туған-туыстарын және дәрігерлерді осынау қуаныштарымен құттықтаймын!», - дейді диспансердің бас дәрігер Қасымжан Тәшіметов.

Жаңа босанған келіншекке аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың атынан гүл шоқтары табыс етілді.


Соңғы жаңалықтар