Коронавирус жұқтырған қазақстандық дәрігерлердің жағдайы қалай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова коронавирус жұқтырған дәрігерлердің жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Қазақстанда 120 медицина қызметкері инфекцияны жұқтыруына байланысты ем алып жатыр. Олардың да жағдайын инфекционистермен, пульмонологтармен және қарқынды терапевтермен бақыланып отыр. Жағдайлары қанағаттанарлық деп бағаланады. Олар тұрақты бақылауымызда тұр», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте.

Осы ретте Қазақстанға көмек көрсетуге келген ҚХР ШҰАР Халықтық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Лу Чэнь өз елінде коронавирус жұқтырып алған дәрігерлер жайында айтып берді.

«Қытайда 3 387 медицина қызметкері ауырды. Олардың 90 пайызы - Ухань қаласының тұрғындары, сол қаланың медицина қыметкерлері. Бұл қызметкерлер індет ушығып тұрған сәтте жұқтырып алған. Біз медицина қызметкерлерін оқыту, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету арқылы күрестік. Осындай шаралар қабылданғаннан кейін дәрігерлер арасында індет жұқтыру жағдайлары өте аз болды. Бұл жақсы нәтиже берді», - деді Лу Чэнь.


Соңғы жаңалықтар