Коронавирусқа байланысты Хайнаньдағы туристер тексеріледі

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат –Коронавирус қоздырғышының тез таралып жатқанына байланысты Ұйғыр автономды ауданы мен Хайнань провинциясында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хайнань оңтүстік қытай туристік провинциясының астанасы Хайкоу билігі коронавирус ошағы - Хубэй провинциясынан келген туристерді 14 күндік орталықтандырылған медициналық тексерістен өткізу шаралары басталғанын хабарлады.

Оларға медициналық тексеріс болатын кезде қонақ үйден кетуге тыйым салынды. Шара, бүгін, Бейжің уақытымен 12-де басталды.

25 қаңтардағы жағдай бойынша, аралда жаңа коронавирус жұқтырған 17 адам тіркелді. Жаңа инфекцияға байланысты Шыңжаңда жоғары дәрежелі төтенше жағдай жұмыстары бүгін таңертең басталды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда жаңа коронавирус қоздырған пневмония түрін жұқтырғандар саны 1326-ға жетіп, 41-і өліммен аяқталды.

Қытайда тараған пневмония Тайланд, Еуропа елдері мен АҚШ-та тіркелді. Қазақстан сақтық шарасы ретінде коронавирусты анықтайтын праймерлерді сатып алуды бастады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирустық инфекция тіркелмегенін ресми айтты.







Соңғы жаңалықтар